09.08.2025
Zerdeli International School ресми түрде CIS сертификатын алды. Яғни халықаралық мектеп атағын ресми құжатпен бекітіп, сертификатын алдық. CIS сарапшылары біздің мектептің оқыту бағдарламасы әлемдік талапқа сай келетінін мойындады деген сөз. Бұл – бізге сенім артқан ата-аналар үшін де, шәкірттеріміз үшін де үлкен мүмкіндік. Енді біздің балаларымыздың әлемнің ең үздік университеттеріне жолы бұрынғыдан да ашық болады. Бұл жетістік – бүкіл ұжымымыздың төккен терінің, ата-аналарымыздың сенімінің және шәкірттеріміздің білімге деген қызығушылығының жемісі деп білемін.