Zerdeli International School туралы
ZIS — математика мен логиканы, ағылшын тілі мен информатиканы тереңдетіп оқытатын және балаларға ұлттық болмысты сіңіре отырып тәрбиелейтін халықаралық мектеп.


Zerdeli миссиясы
Заманауи ғылым мен техниканы меңгере алатын, өз бетінше зерттеу жүргізе алатын, ағылшын тілін еркін меңгерген, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген және болашақта Отанына қызмет ететін ақылды бала қалыптастыру.
Жетістіктер мен мүмкіндіктер
Тәжірибелі педагогтарды, инновациялық тәсілдерді және заманауи білім беру стандарттарын біріктіре отырып, әр оқушы өз әлеуетін ашып, болашақта табысқа жетуі үшін өсу мен даму кеңістігін құрамыз.


Білім беру стандарттары
Мемлекеттік стандарт
Негізгі білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптар
- Математика 3–4 сағ.
- Ағылшын тілі 3–4 сағ.
- Ақылы сабақтар
Zerdeli стандарты
- Математика-логика 8 сағ.
- Ағылшын тілі 8 сағ.
- Домбыра, шахмат сабақтары
- Relax time / кітап оқу
- 3 мезгіл тамақтану
- Робототехника
- Зерделі, дебат клубтары
- Оқушылар сөмке тасымайды
- «Зерделі» отбасы
Баланың дамуына арналған қосымша сабақтар
Zerdeli Point
Үздік оқушыларды ынталандыру бағдарламасы
- Үздік оқушыларға
- Белсенді оқушыларға
- Прогреске қол жеткізген оқушыларға
- Үй тапсырмасын орындайтындарға

Тамақтану сапасы
Тағамдар баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып және барлық санитарлық нормаларға сәйкес дайындалады.
Мектеп туралы толығырақ
test
Жиі қойылатын сұрақтар
Сабақтар қай уақытта өтеді?
Сабақ таңғы 8:45-те басталып, кешкі 17:00-де аяқталады.
Мұғалімдердің біліктілігі қандай? Олар сапалы білім бере ала ма?
Мұғалімдердің көпшілігі — «Болашақ» түлектері мен магистрлер; барлығы ай сайын аттестациядан өтеді.
Мектеп тамағының сапасы қандай?
Орнында дайындалатын үш мезгіл ыстық тамақ; мәзірді диетолог бекітеді.
Білім сапасына кепілдік бар ма? Оқушының прогресі қашан байқалады?
Прогресс Zerdeli App-та ай сайын бақыланады; алғашқы өлшенетін нәтижелер әдетте бір тоқсан ішінде көрінеді.
Басқа мектептерден айырмашылығы неде?
Математика бойынша авторлық бағдарлама, олимпиадалық бағыт және ашық сапа бақылау жүйесі.








