Ата-аналар міндеттері
Зерделі ұрпақ қалыптастыру — сіз бен біздің бірлескен ісімізде!
Негізгі міндеттер
Ата-ана (Заңды өкіл) міндетті:
- Келісімшартты мұқият оқып, талаптарын орындауға;
- Баланың денсаулық жағдайы, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін созылмалы аурулардың және аллергиялық реакциялардың болуы туралы толық және дұрыс ақпарат беруге. Аталған ақпарат Мектепке жазбаша түрде ұсынылмаған жағдайда, оның салдары үшін Заңды өкіл жауапты болады;
- Мектеп аумағынан тыс жерде (мектепке дейін және мектептен кейін) баланың өмірі мен денсаулығына жауапты болуға;
- Педагогтерге және Мектептің өзге де қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін атқару кезінде, Мектептің білім алушыларына құрмет көрсетуге;
- Шартта көзделген мерзімде ақы төлеуге;
- Бекітілген мектеп кестесіне сәйкес баланың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз етуге;
- Білім алушы/бала Мектептің мүлкіне материалдық залал келтірген жағдайда залалды оның нарықтық құны бойынша толық көлемде өтеуге.
Оқу процесі және байланыс
- Педагог-кураторға/сынып жетекшісіне баланың сабақта болмау себебі туралы уақытылы хабарлауға;
- Ата-аналар жиналыстарына қатысуға, қажет болған жағдайда әкімшіліктің немесе педагогтардың шақыруы бойынша Мектепке оқу-тәрбие процесі бойынша жеке педагогикалық әңгімелесу және нақты педагогикалық көмек алу үшін келуге, ұстаздарға кері байланыс жасауға;
- Парасаттылықты, толеранттылықты, академиялық адалдықты және ұлтаралық келісімді, киберкультура мен кибергигиенаны сақтауға;
- Білім алушылардың мобильді (техникалық) құрылғыларды пайдалануы бойынша талаптарды сақтауға;
- Фото және бейне түсіріліміне келісім беруге;
- Мектепке білім алушы бейнеленген фотосуреттер мен бейнелерді өз атымен толық немесе үзінді түрде, түспен немесе түссіз жариялауға, көрмеде, презентацияларда, баяндамаларда және ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де материалдарда оның бейнесі бар фотосуреттер мен бейнелерді пайдалануға толық және айрықша құқық беруге;
- Мұғалімдермен кешкі 20:00-ге дейін ғана байланысып, одан кейін мазаламауға міндетті.
