Мұғалім міндеттері
Zerdeli мектебінің мұғалімдеріне қойылатын міндеттер
Жалпы талаптар
Мұғалім мектепте мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру және «International School Zerdeli» стандартына сәйкес оқытады. Сондықтан оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік стандартты да, Зерделінің стандартын да білу маңызды.
Білім және біліктілік
Педагогикалық білім
Мамандығы бойынша жоғары білім (пән бойынша диплом).
Қосымша біліктілік деңгейі
- Педагогикалық шеберлік курстарынан өткен сертификаттары;
- Халықаралық оқыту стандарттарына сәйкестікті растайтын құжаттары болған жағдайда (IB, Cambridge, Montessori және т.б.).
Жұмыс тәжірибесі
- Жұмысқа орналасу кезінде бейіні бойынша тест тапсыру (30–35 сұрақ, кемінде 70% алу керек);
- Еңбек өтілі кемінде 2–3 жыл (педагогикалық тәжірибе, кей жағдайларда талап етілмеуі мүмкін);
- Қазіргі заманғы оқыту әдістемелері мен технологияларын меңгеруі және қолдана алуы.
Кәсіби дағдылар
- Оқытатын пәні бойынша терең білім, сыныпты басқара алуы;
- Заманауи педагогикалық әдістерді сабақта тиімді қолдануы: интерактивті оқыту, топтық жұмыс, жоба негізінде оқыту әдісі;
- Сандық құралдармен жұмыс істеу дағдысы: онлайн платформалар, презентациялар жасау, kundelik.kz.
Жеке қасиеттері
- Жоғары жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қабілеті;
- Балалармен және ата-аналармен үнемі кері байланыс жасай алуы.
Коммуникабельділік
Адамдармен тез тіл табыса білу, ойын нақты, түсінікті және сыпайы жеткізу, біреудің сөзін бөлмеу, қажет жағдайда қолдау көрсету.
Икемділік
Күтпеген жағдайларға тез бейімделу, үнемі өзін-өзі дамыту, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білу.
Сабырлық
Қиындықтар мен стресс жағдайларында өзін ұстамды, төзімді және байсалды ұстай алуы. Бұл асықпай шешім қабылдауға және негативті әсерлерге төтеп беруге көмектеседі.
Сабырлықтың негізгі ерекшеліктері:
- Эмоцияларды басқару — ашу, реніш немесе қобалжуды бақылау;
- Шыдамдылық — қиындықтарға мойымай, алға ұмтылу;
- Төзімділік — ұзақ уақыт бойы еңбек етіп, мақсатқа жетуге ұмтылу;
- Қиын жағдайларда байсалдылық сақтау, конфликттерді шешу.
Шығармашылық көзқарас және бастамашылдық.
Қосымша талаптар
- Шет тілдерін білу: ағылшын немесе басқа шет тілін білу артықшылық болып есептеледі;
- Денсаулығы туралы анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама;
- Білім беру саласындағы жетістіктері: олимпиада, конкурстар, конференцияларға қатысу немесе кәсіби марапаттардың болуы;
- Сабаққа дайындықпен келу, сабақ уақытын дұрыс бөлу, әрбір кезеңге қажетті іс-әрекетті орындау (сабақты жоспарлау, презентация, үлестірме материал);
- Сабақ басталмас бұрын сыныпта 10 минут бұрын болу, сабақ барысына қатысты құралдарды дайындау.
Сынып басқару шеберлігі
Сынып басқару шеберлігі оқушылардың оқу нәтижелеріне тікелей әсер етеді:
- Сыныпта оқушылардың тәртібін жүйелі түрде бақылап, қажет болған жағдайда дұрыс бағыттау; оқушылардың сабаққа назарын аудару және оқу процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
- Сабақтың құрылымы — уақытты тиімді пайдалану, қоңыраудан бұрын сыныпқа кіру және оқушыдан да осыны талап ету, оқу материалдарын дұрыс жоспарлау;
- Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасына ықпал ету, ынтымақтастық орнату және эмоционалды қолдау көрсету, сабақ барысында оқушы әрекетіне жиі кері байланыс беру;
- Мотивация және шабыт беру қабілеті: түрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, жетістіктерін мақтау, өз бетінше жұмыс істеуге ынталандыру, сабақта алған бағасын айту, Z-point беру;
- Зерделінің негізгі жобалары: «Зерделі Отбасы», «Зерделі Ұстаз», «Бес кітап жобасы», «Бес игі іс» жобаларының мақсаты мен міндеттерін білу.
Жұмысқа орналасудың артықшылықтары
- Зерделі мектептерінде жұмыс өтілі;
- Олимпиадалық жүлделі орындар (аудан, қала, республика);
- Жеке жетістіктер (НИШ, РФШ, БИЛ).
