Zerdeli International School

Оқуға түсу

Ақылы оқуға қабылдау ережесі

2025–2026 оқу жылына бекітілген оқу ақысы, гранттар және жеңілдіктер

Оқу ақысы

Зерделі мектептер желісінің оқу ақысы — 2 400 000 тг.

«ZIS Shymkent» мектебінің 2025–2026 оқу жылына бекіткен оқу ақысы — 840 000 тг.

№ЖеңілдікСомаШарты
10%840 000 тг.Жеңілдіксіз төлем
25%798 000 тг.Ата-ана бір реттік төлеммен 100% төлем жүргізсе және бір отбасынан 2–3 бала оқыған жағдайда
310%756 000 тг.Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты
420%672 000 тг.Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты
530%588 000 тг.Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты
650%420 000 тг.Тест нәтижесіне, жеңілдік санына байланысты
7Алғашқы жарна90 000 тг.Бала оқуға қабылданғаннан кейін төленетін бір реттік төлем
Алғашқы жарна

Алғашқы жарна — барлық жаңадан қабылданған оқушылардың ата-анасы мектеп мүшелігіне қабылданғаны және мектепте орнын сақтап қалуы үшін төлейтін бір реттік төлем. Ол тестген өткеннен кейін 3 күн ішінде төленуі керек, болмаса орны сақталмайды. Алғашқы жарнаны грантта, жеңілдікпен не ақылы оқитынына қарамастан, әрбір оқушының ата-анасы төлеуі қажет.

Алғашқы жарнаға не кіреді?

  1. Бірыңғай мектеп формасы;
  2. Зерделі авторлық кітаптары;
  3. Айлық бақылау тесттері;
  4. Z-Point мотивация жүйесі.
Сыныптар бойынша гранттар
ПараллельОқушы саныТесттен рекорд жасаған оқушыОлимпиада жүлдегеріЫ. Мәуіттің жеке грантыЖалпы грант саны / %
1 сынып20––––
2 сынып40––––
3 сынып401–2113
4 сынып601–2114
5 сынып601–2114
6 сынып60–1–1
7 сынып401–2–13
8 сынып401–2113
Жалпы360105518 / 5%

Ы. Мәуіттің жеке гранты — «Әлемдік 1000 бала» жобасы.

Ескерту
  1. Олимпиада жүлдегерлері жыл ішінде қосыла алады;
  2. Ы. Мәуіт гранты тест кезінде де, одан тыс та беріледі;
  3. Грант бір жылға ғана беріледі;
  4. Грант жалпы санның 5%-нан аспау керек.
Сыныптар бойынша жеңілдіктер
ПараллельОқушы саны50%30%20%10%Жеңілдік саны / %
1 сынып20–––––
2 сынып40243315
3 сынып40243315
4 сынып60464415
5 сынып60464515
6 сынып60253412
7 сынып40253415
8 сынып40253415
Жалпы36018 / 5%35 / 10%23 / 7%27 / 8%102 / 30%
Ескерту
  1. Зерделі мамандарының балалары 30% жеңілдікке ие;
  2. Жалпы жеңілдік осы кесте ретімен болады, жеңілдік алмаған сыныптардың жеңілдігін басқа сыныпқа қолдануға болмайды;
  3. Жалпы грант пен жеңілдік оқушылар санының 35%-нан аспау керек.